Bixby
Ақылды көмек, әрқашан қолыңызда
Bixby көмегімен күнделікті өмірді ыңғайлы етіңіз. Барлық Galaxy құрылғыларын дауыспен басқарыңыз — қолданбалар мен мүмкіндіктерді оңай іске қосыңыз, параметрлерді реттеңіз және т.б. жасаңыз. Bixby-ге сұрақ қойған кезде күнделікті әңгімедегідей қарапайым сөздер қолданып, жылдам жауап алыңыз. Қолжетімді болу мүмкіндіктерінің арқасында үлкен жайлылықпен қажет көмек алыңыз.
Bixby-мен әркез байланыста болып, өмірден ләззат алыңыз
Bixby көмегімен смартфон, планшет, сағат, құлаққап, ноутбук және т.б. сияқты барлық Galaxy құрылғысын ыңғайлы басқарыңыз.1,2
Тамаша үйлесім
Bixby-ді барынша пайдаланыңыз
Ақылды құрылғыларды оңай басқарыңыз. Құрылғылар SmartThings-ке қосылған болса, Bixby сіздің сауалдарыңызды қарапайым дауыстық пәрмендер немесе сенсорлық қимылдар арқылы орындауға дайын. Телеарналарды ауыстырып қосудан бастап, түнде барлық шамды өшіруге дейін – мұны Bixby-ге тапсырсаңыз болды.
Көбірек және тиімді іс-әрекет жасаңыз
"Джейннің телефон нөмірін тап."
"Париж бен Сеулдің арасындағы уақыт айырмашылығы қанша сағатты құрайды?"
"Сұхбат режимінде жазуды баста".
Bixby-мен көбірек көңіл көтеріңіз3
“Маған танымал ойындарды көрсет.”
“Маған әзіл айт.”
“Келесі әнді қос.”
Bixby қызметі бәрімізге арналған
Bixby көмегімен Galaxy құрылғыларыңызды одан бетер қол жетімді етіңіз. Сіз арнайы мүмкіндіктерді дауыс арқылы қосып сөндіре аласыз. Сонымен қатар Bixby-ді ашылмаған хабарламаларды оқуға және Bixby Vision-нің көрінгенді сипаттап беретін функциясы арқылы экранда не болып жатқанын сипаттап беруді сұрай аласыз.
Арнайы мүмкіндіктерді дауысыңызбен қосыңыз
App Cast функциясы Smart View арқылы телефоннан теледидарға экранды бөліскен кезде, жеке хабарламалардың экранда пайда болуын болдырмауға болады — әрі телефоныңызды басқа тапсырмалар үшін пайдалануды жалғастыра аласыз. 3
Жиі қойылатын сұрақтар
-
Bixby деген не?Bixby — Samsung-тың дауыстық көмекшісі, ол Galaxy құрылғыларын қарапайым дауыстық пәрмендер арқылы басқаруға көмектеседі. Bixby көмегімен сіз қолданбаларды іске қосудан және хабарлама жіберуден бастап еске салғыштар жасауға және құрылғы параметрлерін басқаруға дейін қолыңызды пайдаланбай-ақ әртүрлі тапсырмаларды орындай аласыз.
-
Bixby менің үйімдегі құрылғыларды SmartThings арқылы басқара ала ма?Иә, Bixby үйіңіздегі құрылғыларды SmartThings арқылы басқара алады. Қосылғаннан кейін үйлесімді смарт құрылғыларды басқару үшін дауыстық пәрмендерді пайдалануға болады. Мысалы, сіз былай дейсіз: «Сәлем, Bixby, қонақ бөлмедегі кондиционерді қосшы»
-
Bixby Galaxy Watch-пен және Galaxy Buds-пен үйлесімді ме?Иә. Bixby Galaxy құрылғылары арқылы жұмыс істейді. Мысалы, сіз Galaxy Watch-тан жаттығуды бастауды сұрай аласыз немесе шуылды басу сияқты белсенді мүмкіндіктерді басқару үшін Galaxy Buds-ты қолдана аласыз.
-
Bixby кейінгі сұрақтардың мәнмәтінін түсінеді ме?Иә, Bixby көп сатылы сұхбаттарды қолдайды, бұл оған кейінгі сұрақтардың мәнмәтінін түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы:
Егер сіз: «Сеулде ауа-райы қандай?» деп, содан кейін: «Ал ертең ше?» деп сұраңыз,
Bixby сіз әлі де Сеулдегі ауа райын сұрап тұрғаныңызды түсінеді.
- Bixby тек ағылшын (Ұлыбритания), ағылшын (АҚШ), ағылшын (Үндістан), француз (Франция), неміс (Германия), итальян (Италия), жапон (Жапония), корей (Оңтүстік Корея), қытай мандарин (Қытай), испан (Испания), португал (Бразилия) және испан (Латын Америкасы) тілдерінің кейбір акценттері мен диалектілерін ғана таниды..
- Bixby қолдану кейбір жағдайларда, мысалы, медиа жазу кезінде (бейне/ойын/дауыс), қоңыраулар барысында, максималды энергия үнемдеу режимінде, төтенше режимде және Samsung Kids режимінде шектелуі мүмкін.
- Қазіргі уақытта мына Galaxy құрылғыларында қолжетімді: S26/S26+/S26 Ultra/S25/S25+/S25 Ultra/S25 FE/S24/S24+/S24 Ultra/S24 FE/S23/S23+/S23 Ultra/S23 FE/S22/S22+/S22 Ultra/S21/S21+/S21 Ultra/S21 FE/S20/S20+/S20 Ultra/S20 FE/S10/S10+/S10e/S10 Lite/S9/S9+/S8/S8+/S8 Active/S8 Lite/Z TriFold/Z Fold 7/Z Flip 7/Z Fold 6/Z Flip 6/Z Fold 5/Z Flip 5/Z Fold 4/Z Flip 4/Z Fold 3/Z Flip 3/Z Fold 2/Z Flip 5G/Fold/Z Flip/Note20 Ultra/Note20+/Note20/Note10+/Note10/Note10 Lite/Note9/Note8/A54 5G/A34 5G/A73 5G/A53/A53x/A33 5G/A82/A72/A52s/A52 5G/A52/A71 5G/A71/A51 5G/A51/A90/A80/A70s/A70/A60/A50s/A50/A8s/A Star/A9 2018/A9 Pro/A8 Star/M54 5G/M52/M62/F62/F52/Xcover Pro2/Xcover Pro/Tab S11 Ultra/Tab S11/Tab S10 Ultra/Tab S10+/Tab S10/Tab S10 FE+/Tab S10 FE/Tab S10 Lite/Tab S9 Ultra/Tab S9+/Tab S9/Tab S9 FE+/Tab S9 FE/Tab Active4 Pro/Tab S8 Ultra/Tab S8+/Tab S8/Tab S7+/Tab S7/Tab S7 Lite/Tab Active3/Tab S6/Tab S6 Lite/Tab Active Pro/Tab S5e/Tab A4/Tab Active/Tab S4/Tab A 10.5"/Tab A2/Watch8 Classic/Watch8/Watch7 Classic/Watch7/Watch6 Classic/Watch6/Watch 5 Pro/Watch 5/Watch 4 Classic/Watch 4/Watch 3/Watch Active2/Watch Active/Watch/Gear S4/Gear Sport/Gear S3/Buds 3 Pro/Buds 3/Buds 2 Pro/Buds 2/Buds Pro/Buds Live/Book5 Pro 360/Book5 Pro/Book5/Book4 Edge/Book4 Pro 360/Book4 Pro/Book4/Book3 Pro 360/Book3 Pro/Book3/Book2 Pro 360/Book2 Pro 15/Book2 Pro 13/Book2 360/Book2 Go/Book2/Book2 HDD/Book Pro 360/Book Pro/Book Odyssey/Book Go 5G/Book Go/Book Biz/Book/Book Flex 2 5G/Book Flex 2/Book Flex 2α/Book Ion 2/Notebook+2/Book Flex/Book Ion/Book Flex α/Book S/Notebook+/Notebook 9 Pro/Notebook 7 Pro/Notebook 7/Notebook 7 Spin/Notebook Odyssey/Notebook Pen/Notebook 9/Notebook 5/Notebook 3.
- Қызметтің қолжетімді болуы елге, байланыс операторына, тілге, құрылғы моделіне және ОЖ нұсқасына байланысты өзгеруі мүмкін.
- Bixby мүмкіндіктерінің қолжетімділігі мен контент жеткізушілері елге немесе тілге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
- Bixby таңдалған қолданбаларды басқарады, басқа қолданбаларға қолдау кейін қосылады.
- Samsung аккаунтына кіру және деректер желісінің қосылымы (Wi-Fi немесе деректер желісі) талап етіледі.
- Bixby көмегімен SmartThings қолдайтын құрылғыларды басқару үшін, алдымен құрылғыларды SmartThings қолданбасына қосыңыз. Едәуір толық ақпарат алу үшін SmartThings веб-сайтына (Толық ақпарат алу) кіріңіз.
- Galaxy Watch немесе Buds қолданбасын Bixby көмегімен басқару үшін смартфоныңыздағы Galaxy Wearable қолданбасына қосылыңыз да, пайдалана бастаңыз.
- Bixby көмегімен SmartThings (соның ішінде SmartTag) қолдайтын құрылғыларды басқару үшін, алдымен құрылғыларды SmartThings қолданбасына қосыңыз. Толық ақпарат алу үшін SmartThings веб-сайтына (Толық ақпарат алу) кіріңіз.
- Bixby-дегі барлық аудио мүмкіндіктерді пайдалану үшін музыкалық сервистерге жазылу қажет болуы мүмкін.